АСТАНА, 9 мамыр – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина арасындағы атысты тоқтату режимін ұзартуды қолдайтынын мәлімдеді.
Ол бұған дейін 9-11 мамыр аралығында күшінде болатын бітімнің мерзімін одан әрі созу қажет деп санайды.
"Мен оның едәуір ұзартылғанын көргім келеді", — деді Трамп Ақ үй жанында журналистерге берген сұхбатында.
Бұған дейін Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Ресейдің Трамп ұсынған "1000-ға 1000" форматында тұтқын алмасуға келіскенін хабарлаған болатын.