АСТАНА, 9 мамыр — Sputnik. Беларусь елшісі Алексей Богданов қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Азаматтар өз елінің тарихын жадына сақтап, зор күш-жігер мен ауыр құрбандықтардың арқасында елдерімізге бостандық пен тәуелсіздік әперген ата-бабалардың ерлігін құрметтеп, қадірлейді", — деді Беларусьтің Қазақстандағы елшісі Алексей Богданов.
Оның айтуынша, балалар үшін аға буынның бұл мерекеге деген құрметін көріп, бейбітшіліктің қадірін түсініп өсу маңызды.
Сондай-ақ елші Астанадағы "Жерұйық" саябағында орналасқан генерал Панфилов ескерткішіне гүл қою рәсіміне қатысты.