Астаналықтар Мәңгілік алау маңына гүл шоқтарын қойды

Елордада 9 мамырға арналған кең ауқымды бағдарлама жоспарланған
Sputnik
АСАНА, 9 мамыр – Sputnik. Астана жұрты Жеңіс күні атап өтіп жатыр.
Қала тұрғындары Мәңгілік алау маңына балаларын ертіп келіп, гүл шоқтарын қойып жатыр. Астаналықтардың айтуынша, бұл – фашизмді жеңген ата-бабаларымыздың ерлігін ұмытпау үшін маңызды дәстүр.
Астанадағы Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара
Елордада 9 мамырға арналған кең ауқымды бағдарлама: концерттер, спектакльдер, көше акциялары, көрмелер және патриоттық іс-шаралар жоспарланған. Мереке бүкіл қала бойынша өтеді.
Астанадағы Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара
Сағат 12:00-де А. Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театры алдында мерекелік концерт өтеді.
Сондай-ақ 12:00-де Бейбітшілік көшесі, 9 мекенжайындағы қала алаңында эстрада жұлдыздарының қатысуымен Жеңіс күніне арналған концерт ұйымдастырылады.
Астанадағы Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара
18:00-де театрда "Ар адамы – Бауыржан" спектаклі қойылады. Сол уақытта Жасөспірімдер музыкалық театрында "Мәншүк" спектаклі көрсетіледі.
18:00-де Амфитеатрда мерекелік концерт өтеді. Ал Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театрында симфониялық оркестрдің "Жеңіс күні" концерті ұйымдастырылады.