Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинаның 26 дроны Мәскеуге шабуыл жасады

Мәскеу мэрі Собянин дрон қалдықтарының құлағанын хабарлады
Sputnik
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Мәскеу мэрі Сергей Собянин украиналық ұшқышсыз аппараттардың қалаға жасаған шабуылдары тойтарылғанын хабарлады.
Астана уақытымен сағат 2:44-тен 8:00-ге дейін Киев 26 мәрте шабуыл жасаған.
"Қорғаныс министрлігінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері Мәскеуге бағытталған үш ұшқышсыз ұшу аппаратын жойды. Дрон қалдықтары құлаған жерде жедел қызмет мамандары жұмыс істеп жатыр", — деп жазды Собянин алғашқы хабарламасында.
Бұған дейін Мәскеудегі Домодедово әуежайында шектеу енгізілген болатын. Әуежай ұшақтарды билікпен келісім бойынша қабылдап, ұшырып отырды. Сондай-ақ Внуково әуежайында да ұшуға шектеу енгізілді.