АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Мұрат Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Мұрат Нәлқожаұлы Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Бұрынғы әкім Нұрлыбек Нәлібаев 6 мамырда премьер-министрдің бірінші орынбасары болған еді.
Мұрат Ергешбаев 1966 жылы 12 сәуірде Қызылорда қаласында туған. Алматы халық шаруашылығы институтының халық шаруашылығын жоспарлау факультетін бітірген (1989), экономист.
Әр жылдары Қызылорда облысында басшылық қызметтер атқарған.
2008 жылдан – Қызылорда қаласының әкімі,
2010 жылдан – Қызылорда облысы қаржы басқармасының бастығы. Қармақшы және Шиелі аудандарының әкімі,
2017-2021 жылдары – Қазалы ауданының әкімі,
2021-2023 жылдары – Сырдария ауданының әкімі,
2023 жылдан бастап мәжiлiс депутаты болды.