Павлодарда балабақша қызметкері 16 баланы жүйелі түрде азаптаған

Оларды ұрып-соғып, шаштарынан тартып, лақтырып, дене және психикалық зардап келтірген
Sputnik
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Павлодарда 16 баланы азаптаған балабақша қызметкері сотталды, деп хабарлады бас прокуратура.
Павлодарда сот балабақша тәрбиешісіне қатысты үкім шығарды. Ол 2-2,5 жастағы 16 баланы азаптағаны үшін кінәлі деп танылды.
"Айыптау тарапы сотталушының балаларға жүйелі түрде зорлық-зомбылық көрсеткенін анықтады — оларды ұрып-соғып, шаштарынан тартып, лақтырып, дене және психикалық зардап келтірген", - деп жазылған хабарламада.
Тәрбиешінің кінәсі мемлекеттік айыптауды қолдаған прокурордың белсенді ұстанымының арқасында дәлелденді. Ол даусыз дәлелдер ұсынып, ауырлататын мән-жайлармен неғұрлым ауыр айып тақты.
Сот оған 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. дегенмен жазаны өтеуді кейінге қалдырумен, сондай-ақ 3 жыл мерзімге педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан айырды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Баланың бетінен ұрған: Теміртаудағы балабақшада шу шықты