Топырақтың сапасын жасанды интеллект бақылайды

Фермерлер топырақтың сапасы нашарлағаны үшін жауапқа тартылады
Sputnik
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Мәжіліс депутаттары топырақты қорғау туралы заңды бірінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Заңға сәйкес, топырақ жағдайын қашықтықтан бақылау және жасанды интеллект технологиясы негізінде кешенді мониторинг жүйесі енгізіледі.
"Ал заң қабылданғаннан кейін шаруаларға жер телімдерінің шекарасы мен өлшемдері ғана емес, сонымен қатар топырақ сапасының ақпараттары көрсетілген цифрлық паспорттар беріледі", - деді депутат Нұржан Әшімбетов мәжілістің бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, алдағы уақытта шаруалардың өздері топырақ жағдайына тұрақты түрде агрохимиялық талдау жүргізеді. Егер талдау деректері бірыңғай базаға енгізілмесе, онда мемлекеттік қолдау көрсетілмейді. Ал топырақтың сапасы төмендеген жағдайда фермерлер жауапкершілікке тартылады.
"Кейбір жағдайларды қоспағанда, қазіргі кезде топырақ құнарлылығының нашарлағаны үшін фермерлердің ешқайсысы жауапкершілікке тартылмаған", - деп түйіндеді Әшімбетов.
Жер комиссияларының жұмысы тоқтатылады