АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін бұл қызметті Роман Скляр атқарған болатын, ол кеше Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.
Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған.
Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. РФ президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 3-курс докторанты.
Еңбек жолын 1997 жылы "Қазақойл-коммерция" ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастады.
1998-2005 жылдары жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
2005–2007 жылдары — Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары;
2007-2008 жылдары — Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы;
2008-2013 жылдары — Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі;
2013-2021 жылдары — Қызылорда қаласының әкімі;
2021-2022 жылдары - премьер-министр кеңсесі өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі:
2022 жылдың 7 сәуірінен бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысының әкімі болды.