Футболдан Қазақстанның ұлттық құрамасы 36 спортшыдан тұратын тізіммен бөлісті

Ұлттық құрама 6 маусым күні Арменияға, 9 маусым күні Мажарстанға қарсы ойнайды
Sputnik
АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. Футболдан Қазақстанның ұлттық құрамасы маусым айындағы жолдастық кездесулерге шақырту алған ойыншылардың тізімін жариялады.
Тізіммен ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфинов бөлісті. Маусым айында Армения және Мажарстанға қарсы жолдастық кездесулерде ойнайтын кеңейтілген құрамға 36 футболшы енді.
Қақпашылар:
Темірлан Анарбеков ("Қайрат")
Бекхан Шайзада ("Ордабасы")
Мұхамеджан Сейсен ("Астана")
Александр Заруцкий ("Ақтөбе")
Қорғаушылар:
Александр Мрынский ("Қайрат")
Еркін Тапалов ("Қайрат")
Арсен Әшірбек ("Елімай")
Әділбек Жұмаханов ("Елімай")
Сұлтанбек Астанов ("Ордабасы")
Сергей Малый ("Ордабасы")
Бағдат Қайыров ("Ақтөбе")
Әлібек Қасым, Ян Вороговский ("Астана")
Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей)
Санжар Сатанов ("Атырау")
Сағи Совет ("Қайсар")
Жартылай қорғаушылар:
Айбол Әбікен ("Қайсар")
Батырхан Тәжібай ("Қайсар")
Исламбек Қуат ("Жеңіс")
Дінмұхаммед Қараман ("Астана")
Станислав Басманов ("Астана")
Бауыржан Исламхан ("Астана")
Серікжан Мужиков ("Жетісу")
Рамазан Оразов ("Елімай")
Алмас Төлібай ("Елімай")
Әділет Садыбеков ("Қайрат")
Әбинұр Нұрымбет ("Оқжетпес")
Шабуылшылар:
Роман Муртазаев ("Елімай")
Иван Свиридов ("Елімай")
Ислам Чесноков ("Хартс", Шотландия)
Дастан Сәтпаев ("Қайрат")
Мағжан Тоқтыбай ("Ордабасы")
Жасұлан Әмір ("Ордабасы")
Мақсат Абраев ("Астана")
Ғалымжан Кенжебек ("Ахмат", Ресей)
Максим Самородов ("Ахмат", Ресей)
Белгілі болғандай, оқу-жаттығу жиыны 29 мамыр мен 4 маусым аралығында Шымкент қаласында өтеді.
Ұлттық құрама 6 маусым күні Арменияға, 9 маусым күні Мажарстанға қарсы ойнайды.
Қазақстанның футболдан ұлттық құрамасы жаңа FIFA турнирінде Намибияны жеңді