Өскемендегі жарылыс: екі адамның мәйіті табылды

Алдын ала деректер бойынша шаң таралғанымен қауіпті ластаушы заттар бөлінбеген
Sputnik
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Өскемендегі жарылыс салдарынан екі адам көз жұмып, тағы бес адам жарақат алды, деп хабарлады "Казцинк" компаниясы.
"Қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына барлық қажетті көмек, соның ішінде материалдық және психологиялық қолдау көрсетіледі", - деп жазылған хабарламада.
Уәкілетті органдар төтенше жағдайдың қоршаған ортаға әсерін бағалап жатыр. Алдын ала деректер бойынша шаң таралғанымен қауіпті ластаушы заттар бөлінбеген.
Еске сала кетейік, бүгін таңертең "Казцинк" ЖШС металлургия алаңы аумағында түтін сорғышты тазалау жұмыстары барысында жарылыс болып, артынша өрт шығып, құрылымдар ішінара опырылған.
Оқиғаны жан-жақты әрі объективті тексеру үшін арнайы комиссия құрылды. Қайғылы жағдайдың себептері мен мән-жайы тергеу барысында анықталады.
Зауыттағы жарылысқа қатысты тың ақпарат шықты