АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik. Еуропаға Украина Ресейді тежеу үшін қажет, деп мәлімдеді Финляндия президенті Александр Стубб Helsingin Sanomat басылымына берген сұхбатында.
Ол мұны Мәскеуден келетін қауіппен байланыстырып ақтауға тырысты.
"Еуропаға Украина Ресейді тежеу үшін қажет, себебі соғыс аяқталғаннан кейін де Ресей тарапынан болатын қауіп жойылмайды. Біз үшін Украинаның Еуроодақпен қатар НАТО-ның мүшесі болуы пайдалы болар еді", - деді Стубб.
Алайда Еуропаның барлық елі Украинаның мүшелігін қолдап отырған жоқ. Жақында Германия канцлері Фридрих Мерц Украинаның Еуроодаққа шұғыл кіруіне қарсылық білдірді.
Жалпы Ресей президенті Владимир Путин Мәскеудің НАТО елдеріне шабуыл жасау ниеті жоқ екенін бірнеше рет түсіндірді. Бірақ батыс саясаткерлері назарды ішкі мәселелерден алшақтату үшін өз халқын ойдан шығарылған Ресей қаупімен үнемі қорқытып келеді.
Politico дереккөздерге сілтеме жасай отырып, ЕО-ның көптеген негізгі мүшелері, әсіресе Германия, Нидерланды және Италия, Украинаның одаққа қосылуын жақын арада талқылауға құлықсыз екенін хабарлады.