АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik. Астана қаласындағы Қазақ елі алаңында Отан қорғаушы күніне арналған плац-концерт өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шара 7 мамыр күні сағат 11:00-де басталады.
"Концертте көрермендерге әскери оркестрлер мен мемлекеттік органдардың саптық есептоптарының қатысуымен мерекелік бағдарлама ұсынылады. Сондай-ақ саптық дайындық элементтері мен салтанатты бөлімшелердің көрсетілімдік қойылымдары да сахналанады", - деп жазылған хабарламада.
Плац-концертке Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері қатысады.