Үкімет Риддердің жылу желілерін жаңартуға 1,8 млрд теңге бөлді

Sputnik
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Үкімет Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу желілері мен ЖЭО жабдықтарын жөндеуге резервтен шамамен 1,8 млрд теңге бөлді. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Қаражат қаланы жылумен қамту сенімділігін арттыруға және инфрақұрылымды 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындауға жұмсалады.
"Бөлінген қаржы жылу желісінің тозығы жеткен 12 учаскесіне, сондай-ақ Риддер ЖЭО-дағы №5 және №6 қазандық агрегаттарында күрделі жөндеу жобаларын аяқтауға бағытталады", - деп жазылған үкіметтің хабарламасында.
Өткен жылыту маусымы барысында жекелеген учаскелерде зақымдану және тозу белгілері анықталып, оларды жоспарлы түрде жаңарту қажеттілігі дәлелденген.