АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Владимир Зеленский Еуропаның Украина бойынша келіссөздер үстелінде болуын талап етті, деп хабарлады РИА Новости "Укринформ" агенттігіне сілтеме жасап.
"Біз жұмыс істейтін дипломатиялық форматты табуымыз керек. Еуропа кез келген келіссөздер үстелінде болуы керек", - деді ол.
Зеленскийдің айтуынша, Еуропа елдері Мәскеумен диалог үшін бірлескен ұстанымды пысықтай түсуі керек.
Наурыз айында Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей Еуропа елдерінің Украина бойынша келіссөздер процесіне қатысуын орынсыз деп санайтынын мәлімдеді.
Ресей Украинадағы бейбітшілікті реттеуге, соның ішінде АҚШ ұсынған бейбітшілік жоспарын талқылауға қатысуға дайын екенін бірнеше рет білдірді. Дегенмен, Киев режимінің келіссөздер жүргізуге құлықыз болып отырғаны байқалады, деді Кремльде.