Қарағанды облысында пойыз адамды басып кетті

Полиция қылмыстық іс қозғады
Sputnik
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Қарағанды облысында пойыз адамды басып кетті, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
Қайғылы оқиға 3 мамырда Қарағанды-Сұрыптау стансасында болды.

"Абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі жүрісі немесе оны пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп жазылған Көліктегі полиция департаментінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Қарағанды облысында төрт жұмысшыны пойыз басып өлтірді