Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Киев студенттер үшін әскерге шақыруды кейінге шегеруді қайта қарастыруы мүмкін – депутат

Sputnik
АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. Украинаның қорғаныс министрлігі мобилизациялық ресурсты арттыру мақсатында студенттерге арналған әскерге шақырудан уақытша босатуды қайта қарастыруы мүмкін, деп мәлімдеді Украина Жоғарғы Радасының депутаты, киберқауіпсіздік және үкіметтік байланыс мәселелері жөніндегі кіші комитеттің басшысы Александр Федиенко.
"Менің ойымша, Қорғаныс министрлігі әскерге шақырудан уақытша босатуды (студенттерге қатысты — ред.) қайта қарастырады, адамның неше рет жоғары білім алып жатқанына байланысты, яғни бірінші, екінші немесе үшінші рет оқып жатқанына қарай басымдық береді. Мобилизациялық ресурсты арттыру үшін олар қайта қаралуы мүмкін", - деді Федиенко УНИАН агенттігі жариялаған видеода.
Соңғы уақытта Украина Қарулы күштерінде жеке құрамның жетіспеушілігі мәселесі туындаған.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Ресей Украина бойынша келіссөзді қайта бастауға мүдделі – Лавров