Жаңбыр жауып, үсік жүреді: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Түнгі уақыттарда 3 градусқа дейін үсік жүреді деп болжанып отыр
Sputnik
АСТАНА, 1 мамыр – Sputnik. "Қазгидромет" РМК 2-4 мамырға жасалған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады – жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанып отыр.
"Кезең бойы еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, ал 4 мамырда солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі және жел соғуы мүмкін. Республика бойынша түнгі және таңғы мезгілде тұман түседі", - деп жазылған хабарламада.
Кезең бойы республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнгі уақытта 3 градусқа дейін үсік жүреді деп болжанып отыр. Күндіз ауа температурасы біртіндеп:
батыста +17...+32°С-қа дейін,
солтүстік-батыста +15...+30°С-қа дейін,
солтүстікте +15...+23°С-қа дейін,
орталықта +17...+27°С-қа дейін жоғарылайды.