Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Пентагон 2027 жылға арналған бюджетінде Украинаға әскери көмекке қаржы бөлмеген

Sputnik
АСТАНА, 1 мамыр – Sputnik. Пентагон 2027 қаржы жылына арналған бюджетінде Украинаға әскери көмек көрсету үшін жаңа қаражат қарастырмаған. Бұл туралы Пентагонның қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Джулс Херст мәлімдеді.
АҚШ Сенатындағы тыңдаулар барысында заң шығарушылардың бірі Херстен "Әскери ведомство бюджетінің жобасында Украинаға көмек көрсету туралы айтылмағаны рас па?" деп сұрады.
"Иә, рас. Бұл бюджетте USAI (Украинаға әскери көмек көрсету бағдарламасы – ред.) үшін қаржы қарастырылмаған", — деп жауап берді Херст.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Фон дер Ляйен Украинаға берілетін кредиттің алғашқы траншы қайда жұмсалатынын айтты