Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина жұмада Халықаралық валюта қорына 183 миллион доллар төлеуге тиіс

Sputnik
АСТАНА, 1 мамыр – Sputnik. Украина билігі жұма күні Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) алдындағы қарызы бойынша мамыр айындағы төлемдердің алғашқы бөлігін 183 миллион доллар көлемінде өтеуге тиіс. Ал жалпы бір айдағы төлем сомасы шамамен 270 миллион долларды құрайды.
ХВҚ мәліметіне сәйкес, Украина үкіметі жұмадан сенбіге қараған түнге дейін (Вашингтон уақыты бойынша) 16 556 676 арнайы қарыз алу құқығы (SDR) мөлшерінде пайыздық төлемдерді өтеуі қажет. Сонымен қатар, Киев 116 902 599 SDR көлемінде пайыздар бойынша тағы бірқатар төлем жасайды.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
ЕО 2027 жылы Украина үшін жаңа несие алуы мүмкін – WSJ