Астанада Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ауқымды мерекелік іс-шара өтті

Фестивальде ең ерекше қатысушылардың бірі гуманоид-робот болды
Sputnik
АСТАНА, 1 мамыр – Sputnik. Астана қаласында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні аясында және "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясын іске асыру шеңберінде спорт фестивалі өтті.
Астана қаласында спорт фестивалі өтті
Фестиваль Триатлон паркінің жаңартылған жағалауында ұйымдастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Астаналықтар таң атпай Триатлон паркінде жиналды. Бұған себеп бұқаралық жүгіру және балалар мен жасөспірімдер арасындағы спорт сайыстары болды. 5 шақырым жүгіріске екі мыңнан астам адам тіркелген", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен бірге, өткен фестивальде ең ерекше қатысушылардың бірі гуманоид-робот болды. Ол тек қонақтардың назарын аударып қана қоймай, жугіру жарысына да қатысып, қашықтықты Илья Ильинмен бірге бағындырды.
Жалпы бұқаралық жүгіруге 2000-нан астам адам тіркелді, скандинавиялық жүріске 200-ге жуық адам, балалар жарысына 250-ден астам бала қатысып жатыр.