Астанада ер адам көшеде әйелін аяусыз соққыға жықты

Оған қатысты жәбірленушімен байланысты шектеу шарасы қолданылды
Sputnik
АСТАНА, 1 мамыр - Sputnik. Астанада әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
34 жастағы ер адам көп қабатты тұрғын үйлердің бірінің жанында әйелін аяусыз соққыға жыққан.
Оқиғаның бейнезжазбасы әлеуметтік желіде тарады. Онда ер адамның әйеліне бірнеше рет соққы жасағанын көруге болады.

"Полиция отбасылық-тұрмыстық жанжал фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Құқық бұзушы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді", - дейді департамент.

Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау камерасына қамалды. Оған қатысты жәбірленушімен байланысты шектеу шарасы қолданылды.
Әйелін көліктің жүк салғышында тасыған: Талдықорғанда оқыс оқиға болды