Ақмола облысында жол апаты екі адамның өмірін қиды

Жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен жолаушысы көз жұмды
Sputnik
АЛМАТЫ, 1 мамыр – Sputnik. "Астана-Атбасар-Жақсы" автожолында жол апатынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Ақмола облыстық полиция департаменті.
Жол апаты 1 мамырында болған.
"Lada Granta" және "DAF XF 480 FT" маркалы автокөліктері жол апатына түсті. Салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен жолаушысы көз жұмды", - деп жазылған полиция хабарламасында.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Түркістан облысында жарысқа бара жатқан 3 жасөспірім жол апатынан көз жұмды