Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей Украина бойынша келіссөзді қайта бастауға мүдделі – Лавров

Sputnik
АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Ресей Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша АҚШ-пен қол жеткізілген уағдаластық негізінде келіссөз процесін қайта бастауға мүдделі. Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстан сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевпен бірге өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
"Біз әлі де ресейлік-америкалық уағдаластық негізінде келіссөз процесін қайта бастауға мүдделіміз. Кеше АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескен кезде Ресей президенті Владимир Путин бұл ұстанымды растады", — деді ол.
Лавров Көшербаевпен келіссөз барысында Украинадағы жағдайды талқылағанын айтты.
"Біз Украинадағы және оның айналасындағы жағдайды да қозғадық. Қазақстандық әріптестерімізге жағдайды түсінгені үшін және болып жатқан оқиғаларға байыпты баға бергені үшін ризашылығымызды білдіреміз", - деді Лавров келіссөз қорытындысы бойынша.