АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Республикашыл сенатор Митч МакКоннелл Washington Post газетіне жазған мақаласында Пентагонды Украинаға 400 миллион доллар әскери көмек көрсетуді кідіртіп отыр деп айыптады.
"Дегенмен біз бірнеше ай бұрын мақұлдаған Украинаға көмек қазір Пентагонда шаң басып жатыр", - деп жазды ол.
Конгресс бұл қаражатты 2026 қаржы жылы бюджетінің бөлігі ретінде бөлді. Сенатордың айтуынша, әскери ведомство заң шығарушылардың Киевке бөлінген қаражаттың тағдыры туралы сұрауларын елемей отыр.
Сонымен қатар МакКоннелл қорғаныс министрінің саясат жөніндегі орынбасары Элбридж Колбиді Конгресстің іс-әрекеттеріне іріткі салып отыр деп айыптап, Колбидің Украинаға бекітілген әскери көмекті жүзеге асыруға кедергі келтіруі бірінші рет емес екенін айтты.
Бұған дейін конгрессмен Анна Паулина Луна демократтар Украинадағы қақтығысты әдейі созып жатқанын мәлімдеп, мұны өздерінің саяси мақсаттарын қаржыландыру үшін бюджет қаражатын жылыстатудың схемасын жасыру деп атады. Сонымен бірге Луна Украинаға көмек көрсету АҚШ тарихындағы ең үлкен сыбайлас жемқорлық жанжалына айналуы мүмкін екенін айтты.