АЛМАТЫ, 29 сәуір – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында ерлі-зайыпты дропперлер сотталды, деп хабарлайды облыстық сот.
Олар өздерінің банк деректемелерін үшінші адамдарға берген.
"Сөйтіп ақшалай қаражатты заңсыз аудару және қолма-қол ақшаға айналдыру схемаларына қатысқан. Жәбірленушілерге жалпы 1 млн 460 мың теңге шығын келтірілген", - деп жазылған хабарламада.
Сот дроперлердің қанша жылға сотталғанын нақтыламады. Әдетте мұндай әрекетке қатысқан адамның мүлкі тәркіленіп, бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қолданылады.