4 миллионнан астам қоңырау: Алматыда телефон алаяқтығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

4 миллионнан астам қоңырау шалынып, байланыс операторларына келтірілген шығын көлемі 15 миллион теңге соммасынан асты
Sputnik
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Алматы қаласында телефон алаяқтығына қатысы бар қылмыстық топтың жолы кесілді, деп хабарлады ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Күдіктілер байланыс операторларының бақылауын айналып өтіп, шетелден қазақстандық абоненттерге халықаралық қоңыраулар шалудың заңсыз тетігін ұйымдастырған.
Алматыда телефон алаяқтығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Атап айтсақ, бұлар бөгде заңды тұлғалардың атына виртуалды телефон станцияларын тіркеп, жергілікті мобильді нөмірлерді пайдаланған және арнайы зиянды бағдарламалық қамтылымды қолданған.
"Осы схема бойынша 4 миллионнан астам қоңырау шалынып, байланыс операторларына келтірілген шығын көлемі 15 миллион теңге соммасынан асты", - деп жазылған хабарламада.
Тінту барысында техникалық құралдар мен іске қатысты өзге де заттай дәлелдемелер алынды.
Тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.
Азаматтардың жеке деректерін коллекторларға сатқан қылмыстық топ ұсталды