АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қорғаныс министрлерінің кездесуіне қатысу үшін барған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің қорғаныс министрліктерін қабылдады, деп хабарлады Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі.
Қырғызстан президенті ШЫҰ елдерінің қорғаныс министрлерін қабылдады
Жапаров Қырғызстан ШЫҰ-ның қазіргі төрағасы ретінде қорғаныс саласындағы практикалық ынтымақтастықты дамытуға, соның ішінде бірлескен жаттығулар өткізуге, тәжірибе алмасуға және қорғаныс министрліктері арасындағы үйлестіруді нығайтуға ерекше мән беретінін айтты.
Қырғызстан президенті ШЫҰ елдерінің қорғаныс министрлерін қабылдады
Қырғызстан президенті қорғаныс министрлерінің кездесуінде қол жеткізілген келісімдер ШЫҰ аймағындағы қорғаныс ынтымақтастығын және ортақ қауіпсіздікті одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.