Жатақханалардағы орын тапшылығы 10 мыңнан асқан - аудиторлар сәйкессіздікті анықтады

Жатын орынмен қамтамасыз ету бұрынғы 70%-дан да төмен
Sputnik
АСТАНА, 27 сәуір-Sputnik. Жоғары аудиторлық палата студенттер үшін жатақханаларда орын бөлуде заң бұзушылықтарды анықтады..
Аудиторлардың мәліметінше, министрлік пен оператор деректерінде сәйкессіздік пен алшақтық үлкен.
"Жатақханалардағы орын тапшылығы 2024-2025 оқу жылдары 10 мыңнан асқан. Ал министрлік пен оператордың деректері арасындағы алшақтық 31 мыңнан асып кеткен”, - деді мәжілісте палата мүшесі Тілеген Қаскин.
Қаскиннің айтуынша, жатын орынмен қамтамасыз ету бұрынғы 70%-дан да төмен.
"ЕҰУ - 51,7%, ҚазҰУ - 56,7%. Ал ҚазҰУ мен ЕНУ әкімшілік қажеттіліктер үшін 133 млн теңгеден астам қаражатқа автокөлік сатып алған", - дейді Жоғары аудиторлық палата өкілі.
Бүгінгі таңда жоғары білім беру жүйесі нәтижеге қарағанда процесті көбірек қаржыландырады, дейді аудиторлар.
"Болашақ" бойынша 340 стипендия заң бұзу арқылы тағайындалған