Павлодар облысында дауыл салдарынан екі әйел жарақат алды

Зардап шеккен екі әйелдің бірі – павлодарлық, екіншісі – Ақтоғай ауылының тұрғыны
Sputnik
АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Павлодар облысында дүлей дауыл салдарынан екі әйел зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Дауылдан ғимарат шатырлары зақымданып, ағаштар құлаған. Зардап шеккен екі әйелдің бірі – павлодарлық, екіншісі – Ақтоғай ауылының 41 жастағы тұрғыны. Екеуі де дәрігер көмегіне жүгінген.
"Науқас бет сүйегі жарақатымен жатқызылды. Жағдайы орташа ауыр", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Ал екінші оқиғада сынған бұтақ 34 жастағы павлодарлық тұрғынның басына тиген. Оған амбулаториялық ем жасалып жатыр.
Еске сала кетейік, Қарағанды облысында да дауылдан бірқатар нысанның шатыры жұлынып, ағаштар құлады.
Қарағанды облысында дүлей дауыл бірнеше үйдің шатырын ұшырып кетті