АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Еуропалық комиссия Украинаға 90 миллиард еуроға дейін кредит беру үшін қаржы нарықтарынан қарыз тартуды бастап кетті.
Еурокомиссияның мәліметінше, кредит параметрлерін 2025 жылдың желтоқсанында ЕО көшбасшылары келіскен, ал құқықтық негізі осы жылдың қаңтар-ақпан айларында ЕО кеңесі мен Еуропарламентте бекітілді, көктемде комиссия капитал нарықтарынан қаражат тартуға кірісті.
Украинаға алғашқы транш 2026 жылдың екінші тоқсанында, шамамен мамырдың соңы мен маусымның басында бөлінеді деп жоспарланып отыр.
23 сәуірде ЕО кеңесі Киевке макроқаржылық қолдау көрсету механизмін түпкілікті бекітті. Бұл механизм қаражатты Украинаға кезең-кезеңімен аударуды көздейді.