Азаматтардың жеке деректерін коллекторларға сатқан қылмыстық топ ұсталды

Олар заңсыз жолмен алынған ақпаратты Интернет желісінде сатып келген
Sputnik
АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Азаматтардың дербек деректерін сатқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Комитет хабарлауынша, биыл наурызда Астана және Алматы қалаларында ҚР азаматтарының дербес деректерін заңсыз жинауда және таратуда күдікті адамдар тобы әрекетінің жолын кесілді.
Тергеу материалдары бойынша қылмыстық іс фигуранттары заңсыз жолмен алынған ақпаратты Интернет желісінде сатып келген.
"Сатып алушылар қатарында микроқаржы және коллекторлық ұйымдардың кейбір өкілдері, сондай-ақ жеке тұлғалар болған", - деп жазылған хабарламада.
Азаматтардың жеке деректерін коллекторларға сатқан қылмыстық топ ұсталды
Тінту барысында компьютерлік техника, электрондық ақпарат тасымалдағыштар, ірі көлемде ақша қаражаты және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Шымкентте шетелдіктерді елге заңсыз кіргізумен айналысқан қылмыстық топ анықталды