Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АҚШ Украинадағы қақтығысты реттеуге ұмтылысын жалғастырып жатыр - Трамп

АҚШ президенті бұл мәселені шеше алатынына сенім мен үміт білдірді
Sputnik
АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. АҚШ Украинадағы бейбіт келісімге ұмтылуды жалғастырып жатыр, деп мәлімдеді Трамп.
АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон Украинадағы бейбіт келісімге ұмтылуды жалғастырып жатқанын айтты.
"Біз Ресей мен Украина арасындағы жағдайды шешу үшін жұмыс істеп жатырмыз. Біз мұны шеше аламыз деп үміттенемін", - деді Трамп Fox News арнасына берген сұхбатында.
15 наурызда Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украина бойынша келіссөздер тоқтатылғанын, АҚШ басқа мәселелерге назар аударғанын хабарлады. Кейінірек ол Ресей келіссөздердің жаңа кезеңін күтетінін, бірақ орны мен уақыты айқын себептермен әлі анықталмағанын айтты.
Еске салайық, жыл басынан бері Ресей мен Украина делегациялары АҚШ-тың қатысуымен келіссөздердің үш кезеңін өткізді. Соңғы кезеңін 17-18 ақпанда Женевада өтті.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Бар күшімізді салып жатырмыз - Трамп Украина қақтығысын реттеу жайында