Алматыда ер адам автобуста анайы әрекет жасаған (ВИДЕО)

Sputnik
АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Алматыда ер адам қоғамдық көлікте анайы әрекет жасаған, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Видеодан ер адамның еш қысылмастан әуретті жерін ұстап тұрғанын көруге болады. Оқиға куәгері оны ұялы телефонына түсіріп алған. Қазіргі уақытта оны полиция іздеп жатыр.
"Қоғамдық көлікте ер адамның заңға қайшы әрекеті бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта оқиғаның болған орны мен уақыты, сондай-ақ құқық бұзушы басы анықталып жатыр", - дейді полиция.