АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Украина басшысы Владимир Зеленский Ресей және АҚШ-пен үшжақты келіссөздің жаңа кезеңі Әзербайжанда өтуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.
Бұған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украина бойынша үшжақты келіссөздегі үзіліске АҚШ-тың Таяу Шығысқа көбірек көңіл бөлуі себеп болғанын айтқан. Оның сөзінше, Кремль барлық тараптың, ең алдымен америкалықтардың кестесі келісілгеннен кейін келіссөз жалғасады деп үміттенеді. Алдыңғы Ресей – АҚШ – Украина консультациясы 17–18 ақпанда Женевада өткен болатын.
"Келіссөздер Түркияда өтті, америкалық серіктестермен Швейцарияда да болды. Біз мұндай келіссөзді Әзербайжанда өткізуге дайынбыз", — деді Зеленский Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен бірге өткен баспасөз конференциясында.