Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Еурокеңес басшысы Украинаның ЕО-ға қосылу үдерісін күрделі болатынын айтты

Sputnik
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Украинаның Еуропалық одаққа қосылу үдерісі басқа елдердегідей ұзақ әрі күрделі болады, оған нақты уақыт межесін белгілеу мүмкін емес. Бұл туралы Еуропалық кеңес басшысы Антониу Кошта Кипрде өткен ЕО-ның бейресми саммиті қорытындысында айтты, деп хабарлайды РИА Новости.
"Еуропалық комиссияның барлық бағалауларында айтылған жайттар бізді қатты таңғалдырды: Украинадағы жағдай күрделі болғанымен, ел айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткізді. Алайда бұл үдерістің соңы емес — ол әлі де ұзаққа созылатын әрі өте күрделі процесс. Сондықтан оған жасанды уақыт шектеулерін, мысалы бірнеше ай немесе он жыл сияқты нақты мерзімдерді белгілеуге болмайды", — деді ол журналистердің Украинаның ЕО-ға қашан қосылуы мүмкін екені туралы сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, ЕО-ға мүше барлық мемлекет бұл үдерістің қаншалықты күрделі екенін жақсы біледі. Мысал ретінде ол өз елі Португалияны келтіріп, оның Еуропалық одаққа қосылуына тоғыз жыл кеткенін еске салды.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Германия канцлері Украинаның Еуроодаққа шұғыл кіруіне қарсылық білдірді