АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Қазақстанның Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде сақтап қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Биыл наурыз айында жылдық инфляция 11 процентке дейін баяулады. Ақпанда бұл көрсеткіш 11,7 процент, ал қаңтарда 12,2 процент болған. Соған қарамастан, базалық мөлшерлеме әзірше өзгермейді.
"Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 18,0% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады", - делінген ресми хабарламада.
Базалық мөлшерлеме қатысты кезекті шешім 2026 жылдың 5 маусымында Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.