Қазақстанда төлемге арналған бірыңғай QR-код қашан енгізіледі

Қазір банктер техникалық жұмыстар жүргізіп жатыр
Sputnik
АСТАНА, 24 сәуір - Sputnik. Қазақстанда биыл жазда төлем жасауға арналған бірыңғай QR-код енгізілуі мүмкін.
Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменовтың айтуынша, банктер қазір өз жүйесін бірыңғай модельге біріктіру үшін техникалық жұмыстар жүргізіп жатыр.
"Банктер жеке өз технологияларына қомақты инвестиция салып, экожүйе және осы QR төлемдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құралдарды жүзеге асырды. Енді бұл жүйелерді қауіпсіз әрі бір-біріне қолжетімді болатындай етіп біріктіру керек. Бұл көп уақытты қажет етеді", — деді Сүлейменов.
Оның айтуынша, QR төлемі биыл жазда іске қосылады деп көзделіп отыр.
Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты шешім қабылдады