АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Астанада Есіл өзенінде серуендеу 1 мамырдан басталады, деп хабарлады елорда әкімідгі.
Астанада жазғы туристік маусым қарсаңында экскурсиялық теплоходтар дайындалып жатыр. Бүгін Есіл өзені жағалауында кемелер су бетіне түсірілді.
Теплоходтар 1 мамырдан бастап өзен бойымен қатынай бастайды.
Жалпы Есіл бойымен серуендеу – елордадағы ең танымал туристік демалыс түрлерінің бірі. Осы орайда маусым алдында барлық теплоход толық техникалық тексерістен өткен. Олардың қатарында 65, 45 және 30 орынға арналған су көліктері бар.
Тіпті жолаушылар қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлініп, жаңа құтқару жилеттері сатып алынған.
Сонымен қатар "Есіл Астана" компаниясы кеме паркін жаңарту мақсатында 12 адамға дейін арналған жылдам жүретін төрт шағын кеме сатып алған.