Алматыда ер адам автобус күтіп тұрған қартаң әйелді тепкінің астына алды (ВИДЕО)

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды
Sputnik
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Алматыда ер адам аялдамада автобус күтіп тұрған 66 жастағы әйелді тепкінің астына алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқиғаның видеосы желіде тарады.
Әйелге жасалған шабуыл фактісі бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.
"Қылмыс ізі суымай ашылды. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктінің кім екені анықталды, ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп жазылған полицияның хабарламасында.
Қазіргі уақытта болған оқиғаны жан-жақты және объективті тергеуге бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.