Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Еуроодақтың Ресейге қарсы санкциясы: қазақстандық компаниялар 20-шы пакеттегі тізімге енді

Еуроодақ елдері екі айлық кідірістен кейін Украинаға 90 миллиард еуро несиені мақұлдады
Sputnik
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Еуропалық кеңестің сайтындағы мәлімдемеге сәйкес, Еуроодақ Ресейге қарсы санкциялар тізіміне БАӘ, Қытай, Өзбекстан, Қазақстан және Беларусь елдерінен 16 компанияны қосты.
"ЕО санкциялар тізіміне Қытайда, Біріккен Араб Әмірліктерінде, Өзбекстанда, Қазақстанда және Беларусьте орналасқан 16 ұйымды қосты", - делінген құжатта.
ЕО Кеңесінің мәлімдемесінде Украина 90 миллиард еуро көлеміндегі Еуроодақ несиесін Ресей "өтемақыларды" төлеген жағдайда ғана қайтаруға міндетті болады делінген.
Бейсенбі күні Еуроодақ елдері екі айлық кідірістен кейін Украинаға 90 миллиард еуро несие беруді мақұлдады.
"Бүгін қабылданған ЕО көпжылдық қаржы шеңберіне енгізілген түзетулер Украинаны қолдауға арналған несие Еуроодақтың капитал нарықтарынан қарыз алуы және Еуроодақтың бюджеттік резервімен қамтамасыз етілуі арқылы қаржыландырылатынын растайды. Несие Ресейдің Украинаға өтемақыларынан өтеледі деп күтіліп отыр", - делінген құжатта.
Украинаға екі жылға 90 миллиард еуро несие беруді ЕО көшбасшылары 2025 жылдың желтоқсанындағы саммитте мақұлдады. Шамамен 60 миллиард еуро әскери көмекке, ал қалған бөлігі Украина бюджетін қолдауға жұмсалады.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Еуроодақ Ресейге қарсы санкциялардың 20-шы пакетін қабылдады