Жетісуда 46 млн теңгенің малы ұрланды: бақташы күдікке ілінді

Sputnik
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. Жетісу облысында аса ірі көлемдегі мал ұрлығына бақташының қатысы бар екені анықталды, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Ескелді ауданының тұрғыны полицияға жүгініп, жайылымда болған 81 бас асыл тұқымды "Алатау" сиырының 39-ы жоғалғанын хабарлаған. Келтірілген шығын көлемі 46 миллион теңгеден асқан.
Полиция қызметкерлері дереу жедел іздестіру шараларын бастады.
"Тергеу барысында оқиғаның мән-жайы толық анықталды. 45 жастағы бақташы мал иесінің сеніміне кіріп, 17 жыл бойы оның малын бағып келген. Оның ұрлыққа қатысы бары дәлелденіп, күдікті ұсталып, қамауға алынды", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұрланған мал иесіне қайтарылды.
Ұрланған малды заңдастырған: құрамына ветеринар дәрігерлер кірген қылмыстық топ анықталды