АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. Словакияға "Дружба" құбыры арқылы мұнай жеткізу бейсенбі күні таңертең қайта басталады деп болжанып отыр. Бұл туралы елдің экономика министрі Дениса Сакова мәлімдеді.
"Словакияға транзит ертең, 23 сәуір күні таңертең қалпына келеді деп болжанып отыр", – деп жазды ол сәрсенбі күні әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оның айтуынша, Украина тарапы сәрсенбі күні таңертең Беларусь жағынан "Дружба" құбырын мұнаймен толтыруды бастаған.
Айта кетері, Украина 27 қаңтарда "Дружба" құбыры арқылы Ресей мұнайын Словакия мен Венгрияға транзиттеуді тоқтатқан болатын. Бұған құбырдың зақымдануы себеп болғаны айтылды. Алайда Словакия билігі құбыр жұмыс істеп тұр деп санайды және жеткізілімнің тоқтауына Украина қабылдаған саяси шешім себеп болды деп есептейді.