"Сергекпен" анықтауға болады": депутат дөрекі сөйлейтіндерге қарсы күрес шараларын ұсынды

Жапонияда әлеуметтік жауапкершілікке үйрететін "Дотоку" мектептерде міндетті пән ретінде енгізілген
Sputnik
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. Мәжіліс депутаты Құдайберген Бексұлтанов дөрекі сөйлетін адамдарға қарсы күрес шараларын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутаттың айтуынша, бүгінде дөрекілік, агрессия мен балағат сөздер қалыпты жағдайға айналып барады. Ал әлемдік тәжірибеге сәйкес, моральдық тәрбие беру мен сыпайы орта қалыптастыру бағдарламалары арқасында көп нәрсені өзгертуге болады. Мәселен, Жапонияда әлеуметтік жауапкершілікке үйрететін "Дотоку" мектептерде міндетті пән ретінде енгізілген. Сол сияқты Финляндияда агрессия мен буллингке қарсы бағдарламалар бар.
Осы орайда Бексұлтанов бірнеше ұсынысын үкіметке жолдады. Олар:
"Сергек" жүйесіне агрессивті мінез-құлықты анықтайтын алгоритмдерді енгізу;
әкімдер жұмысын бағалау рейтингіне қоғамық мәдениет индексін қосу;
білім беру мекемелерінде сөз мәдениеті мен этикет бойынша модульдер енгізу;
жалпыұлттық бастаманы "Таза ниет – Таза сөз" бағытында дамыту;
мемлекеттік тапсырыс кезінде интеллигентті және табысты қазақстандықтың образын жасауға басымдық беру;
сөз мәдениеті мен ұлттық әдебиетті насихаттайтын блогерлерге грант бөлу;
"Мәдениетті мінез-құлық жоғары әлеуметтік мәртебенің белгісіне айналуы керек. Біз мәдениетті болу мәртебе, ал ұятсыз болған әлеуметтік және экономикалық тұрғыда тиімсіз ортаны қалыптастыруымыз қажет", - дейді Бексұлтанов мәжілістің бүгінгі отырысында.
"Әбден шегінен шыққан": депутат базарлардың жағдайын сынға алды