АСТАНА, 22 сәуір - Sputnik. Астана саммитінде Халықаралық Арал теңізі күні белгіленді және ол 26 наурызда атап өтіледі.
Халықаралық Аралды құтқару қорын құрған елдер көшбасшыларының саммитінде бірқатар құжатқа қол қойылды.
Саммит қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды:
1.
"Халықаралық Аралды құтқару қорына Қазақстан Республикасының төрағалық ету барысы туралы" Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшыларының шешімі;2.
"26 наурызды Арал теңізінің, Әмудария мен Сырдария өзендерінің халықаралық күні деп жариялау жөнінде" Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшыларының шешімі;3.
"Халықаралық Аралды құтқару қорының Президентін сайлау туралы" Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшыларының шешімі;4.
Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшыларының Астана мәлімдемесі.