Әншілер фонограмма қолданатынын тыңдармандарға хабарлауға міндеттеледі

Бұл ақпараттың көлемі жарнама немесе хабарландырудың кем дегенде 20 процентін алып тұруы керек
Sputnik
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. Қазақстанда мәдениет министрінің бұйрығымен көрерменге фонограмма туралы хабарлау міндеті енгізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұйрыққа сәйкес, мәдени-бұқаралық шараларды ұйымдастырушылар, шығармашылық ұжымдар мен орындаушылар фонограмманы пайдаланатынын хабарлауға міндетті. Ондай ақпарат сыртқа жарнама мен баспа өнімдерінде жазылуы шарт.
"Бұл ақпараттың көлемі жарнама немесе хабарландырудың кем дегенде 20 процентін алып тұруы керек. Сондай-ақ, қаза, орыс, керек кезде басқа тілдерде де жазылады", - делінген құжатта.
Ал теледидар немесе радио арқылы концертті жарнамалау кезінде фонограмма туралы дыбыстық хабарлама кем дегенде 5 секунд берілуі керек. Ал жарнаманың өзі 15 секундтан аспаса, "Фонограмма қолданылады" деген сөз айтылуы шарт, я болмаса, мәтінмен жазуға болады.
Баста талап – көрерменге фонограмма жайында концерт билеттерін сатуға шығарғанға дейін хабарлау.
Министрдің бұйрығы 2 мамырда күшіне енеді.
Тоқаев концерт кезінде фонограмма пайдалануға тыйым салатын заңға қол қойды