Санкт-Петербург пен Астана арасындағы тікелей рейстер маусымнан бастап орындалады

"Россия" әуе компаниясы аптасына үш рейс орындайды
Sputnik
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. "Аэрофлот" хабарлауынша, Санкт-Петербург пен Астана арасындағы тікелей рейстер 3 маусымда басталады.
"Россия" әуе компаниясы аптасына үш рейс орындайды:
Пулководан сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері;
Астанадан дүйсенбі, бейсенбі және сенбі күндері кері рейстер.
Ұшулар Airbus A319 ұшақтарымен орындалады.
Жалпы "Аэрофлот" жазғы маусымдағы ұшу кестесінде Қазақстанға рейстер санын арттырып отыр.
Армениямен арадағы әуе қатынасы қайта ашылды