Ақтөбеде әйел танысының телефоны арқылы кредитке iPhone рәсімдеген

Бұл оқиға орталық базар маңында болған
Sputnik
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Ақтөбеде таныс әйелге телефон берген ер адамның атына iPhone-ға заңсыз бөліп төлеу рәсімделді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұл оқиға орталық базар маңында болған. Таныс ер адам мен әйел кездескен.
Сол кезде әйел хабарлама жіберу керек деп оның ұялы телефонын сұраған. Одан кейін бірнеше минуттың ішінде мобильді қосымша арқылы жасырын құны 421 990 теңге тұратын "IPhone 15" ұялы телефонын екі жылға бөліп төлеуді рәсімдеген.
Қала тұрғыны мойнында қымбат телефонның қарызы бар екенін бірнеше күннен кейін білген. Содан бірден полицияға арыз түсірді. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.
Қазіргі кезде аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Маңғыстау облысында танысына 300 рет қоңырау шалған адам қамауға алынды