СІМ Түркістанды Таяу Шығыстағы мәселе бойынша бейбіт келіссөз алаңы ретінде ұсынды

Қазақстан Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне алаңдаулы
Sputnik
АСТАНА, 20 сәуір - Sputnik. Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Таяу Шығыстағы ахуалды реттеу бойынша бейбіт келіссөз алаңы ретінде көне Түркістанды ұсынды.
Бұл туралы ол Израиль елшісі Йоав Быстрицкиймен сұхбатында айтты.
Министр Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне алаңдаушылық білдірді және Қазақстанның Түркістанда келіссөздер өтетін орын беруге дайын екенін мәлімдеді, деп атап өтті министрлік.
Тараптар сондай-ақ өзекті аймақтық және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасты, делінген Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.
Тоқаев Таяу Шығыстағы мәселенің мәніне үңілуге шақырды