АЛМАТЫ, 20 сәуір – Sputnik. 20 сәуірде Ереваннан Астанаға тікелей рейстер басталды.
"Тікелей әуе қатынасының ашылуы Қазақстан мен Армения Республикалары арасындағы жолаушылар үшін қолайлы жол жүру жағдайын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар туризмді, іскерлік және мәдени байланыстарды дамытуға ықпал етеді", - деп хабарлады Астана әуежайының әкімшілігі.
20 сәуірден бастап әр дүйсенбі күндері Арменияның Shirak Avia әуе компаниясы Ереван-Астана-Ереван рейстерін орындауды жоспарлап отыр, деп жазды компания әлеуметтік желідегі парақшасында.