Астанада көлік козғалысына уақытша шектеу қойылады

Астанада 20-24 сәуір күндері бірқатар ауқымды халықаралық саяси іс-шаралар өткізіледі
Sputnik
АСТАНА, 20 сәуір – Sputnik. Мемлекеттік күзет қызметі алдағы күндері Астанада көлік козғалысына шектеу енгізілетінін ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Астанада 20-24 сәуір күндері бірқатар ауқымды халықаралық саяси іс-шаралар өткізіледі.
"Осыған байланысты қала көшелерінің жекелеген бөлігінде көлік құралдарының жүруіне уақытша шектеу қойылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық деңгейдегі маңызды оқиға уақытында өткізілетін қауіпсіздікті қорғау шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, ертең Моңғолия президентінің Қазақстандағы мемлекеттік сапары басталады.
Ал 22-24 сәуір күндері аймақтық экологиялық саммит, сондай-ақ, 22 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен мемлекет Аралды құтқару халықаралық қорын құрушы мемлекет басшыларының кеңесі өтеді.
Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтеді